Бос жұмыс орындарға конкурс жариялау » Ақсеңгір ауылындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ақсеңгір ауылындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72770) 79-0-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос жұмыс орындарға конкурс жариялау
19
август
2022

Бос жұмыс орындарға конкурс жариялау

ХАБАРЛАНДЫРУ

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ақсеңгір ауылы, Отан 3 А көшесінде орналасқан Ақсеңгір орта мектебі клесі лауазымдық қызметтерге конкурс жариялайды:

  1. Педагог - ұйымдастырушы – 1 (1 жүктеме)
  2. Математика пәнінің мұғалімі – 1 (1 жүктеме)
  3. Информатика пәнінің мұғалімі – 1 (1 жүктеме)
  4. Ағылшын тілі мұғалімі – 1 (1 жүктеме) уақытша
  5. Бастауыш сынып мұғалімі – 1 (1 жүктеме) уақытша.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) Осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамалары мен бекітілген лауазымға қойылатын  біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.


Конкурсқа құжаттарды қабылдау мерзімі –  2022 жылдың  22-29 тамыз   күндері аралығында жүргізіледі.

Өтетін орны: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ақсеңгір ауылы, Отан 3 А көшесінде орналасқан Ақсеңгір орта мектебі.

Құжаттарды қабылдау уақыты: 27.08-29.08.2022 жыл.

Конкурс нәтижесі: 31.08.2022 жылы білім беру ұйымының ресми сайтында жарияланады.


Лауазымдық қызметтердің сипаттамасын келесі сілтемелер арқылы жүктеп алып, көруге болады:
  1. Педагог - ұйымдастырушы pedagog-jymdastyrushy.docx [24,14 Kb] (cкачиваний: 10)
    Посмотреть онлайн файл: pedagog-jymdastyrushy.docx
  2. Математика пәнінің мұғалімі matematika.docx [25,52 Kb] (cкачиваний: 5)
    Посмотреть онлайн файл: matematika.docx
  3. Информатика пәнінің мұғалімі informatika.docx [25,43 Kb] (cкачиваний: 7)
    Посмотреть онлайн файл: informatika.docx
  4. Ағылшын тілі мұғалімі aylshyn-tl.docx [25,68 Kb] (cкачиваний: 2)
    Посмотреть онлайн файл: aylshyn-tl.docx
  5. Бастауыш сынып мұғалімі bastauysh-synyp.docx [25,94 Kb] (cкачиваний: 3)
    Посмотреть онлайн файл: bastauysh-synyp.docx

Байланыс құралдары: 
тел: 8(72770)79-0-41
e-mail: aksengir@gmail.com

Похожие публикации:

01 сентябрь 2017 Ата-аналарға
20 август 2022 Әкімшілік